Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  149


Автор: Қалижан Бекхожин

ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚТЫМ ҚАЗПИ-ІМНЕН


(Ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, академик,
ректор Тоқмұхамед Садықовқа арнаймын)
Өмірге, өнерге де жас күнімнен
Құлшынып, қанат қақтым ҚазПИ-імнен.
Біліммен, өлеңіммен өрге басып,
Алатау биігінде қасқидым мен.
ҚазПИ-дің түлегімін ұшқан шыңға,
Аз емес талаптылар тұстасымда
Ақындық өнерімен шығып дара,
Көтерген ҚазПИ даңқын құз басына.
 Білімге жебеледі құштар жаным,
Білімпаз ғалым еді ұстаздарым.
Кеудеме тоқи бердім дәрістерін,
Өнеге тағылымынан тыс қалмадым.
Білімнің ізгі ҚазПИ ақ ордасы,
Ашылған өрендерге кең арнасы.
Шыңдалып шықты талай оқымысты, -
Ғалымдар, қаламгерлер, ұстаздарды
Майданда ерлік еткен өрендермен.
Өмірге өзек болған ҚазПИ едің,
Сенімен серпілді ғой жас жүрегім.
Тұсыңнан өткен сайын, күмбезіңе
Әлі де шәкіртіңдей бас иемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу