Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  128


Автор: Қалижан Бекхожин

ҰСТАЗСЫҢ ӨНЕР СҮЙГІШ ЖАС ҰРПАҚҚА

 (Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, профессор Асқар Тоқпановқа)
Асқардай жетпіс қырлы
кең белесің,
Өзің де
бар биікке тең келесің,
Ұстазсың
өнер сүйгіш жас ұрпаққа,
Өнердің тәлім еттің
өнегесін.
Жасыңнан әсем құмар,
сырлы жаның –
Барлайтын сахнаның
сиқырларын.
Режиссерсің
көп тұлғаны түрлендірген.
Меңгерген
Станиславский қисындарын.
 Өнерге аттап келген
кең ғой өрің,
Дәл шерткен
сахнаның пернелерін
Шығардың сахнаға ұлыларды,
Кемеңгер Абайды да
бейнеледің.
Асеке, мерекелі замандасым!
Өнерің өрлей берсін,
аспандасын.
Жігіттей махаббатпен
жайнай берсін,
Сүйікті Жаңылыңмен
қалған жасың!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу