Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  131


Автор: Қалижан Бекхожин

БАУЫРЫМ ТӨКЕНГЕ3

Үзілмей сақталсын деп ата достық,
Жан лебін
сонау сәби шақта қостық.
Ата-ана мейіріміне
бір бөленіп,
Екеуміз егіздей боп қатар өстік.
 Дулы шақ өтті бірге,
тентек едік.
Тебістік тай-құлындай еркеледік.
Бірақ біз балалықтан
ерте сергіп,
Білімнің жотасына ентеледік.
Білімнің орын таптық кең өрінен
Оздық біз құрбылардан тең көрінген.
Ұстаздық тәлім бердің ұрпаққа сен,
Мен жасты жебеледім өлеңіммен.
Соғыстың өрті шықты –
майдан бардың
Кештің сен
күл-көмірін ойрандардың.
Ерлермен жеңіс туын
бір көтеріп.
Берлинде қаламыңды қайрап алдың.
Жетпісте
жас жігіттей жалындысың,
Ұстаздық ғылымның сен алымысың.
Төкенжан,
мәртебемен ұзақ жаса,
Жарың мен ұл-қызыңның бағы үшін!


3 Төкенге – Әдебиетші, ғалым Төлеутай Ақшолақов.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу