Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  134


Автор: Қалижан Бекхожин

ҰСТАЗ

(Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебінің мұғалімі, Социалистік Еңбек Ері Рафиқа Нұртазинаға арнаймын).
Зәулім мектеп,
Аясы жарық, ашық,
Жайнады күн
Шұғыласын жарқын шашып.
Оқудың жаңа шағы,
Жас балғындар
Ағылды қозылардай жамырасып.
Бөбектер орманның жас ағашындай,
Ұласты бір ауылдың баласындай.
Рафиқа ұстаз ана,
Құшақ жайды
Солардың сағынышты анасындай.
Лебізі есті, міне, шаттық үндей,
Жайқалды балапандар бақ гүліндей.
Талай жыл бала бақты игі ұстаз,
Арына, шашына да дақ түсірмей.
Бұл кісі білімпаздар ардагері,
Жұмсалған оқытуға бар жігері.
Қамқоры өрендердің, жеткіншектің,
Ең ізгі еңбектің бұл асқан ері.
Абзал жан,
дидарынан нұр төгілген,
 Дәстүрін мектебінің шертті бірден.
Қаншайым, Сәуле жүрді қос мұғалім
Жайраңдап жаңа шәкірт еркелермен.
Қуаныш мектеп тойы
тынбас бүгін,
Шуласып мәз дауыстар, ұласты үн.
Осынау бәйшешектер арасында
Менің де тұр күлімдеп МИРАСГҮЛІМ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу