Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  119


Автор: Қалижан Бекхожин

АКАДЕМИК

(Мұхамеджан Қаратаевқа)
Ғалымсың, сынмен ашқан дәуір сырын,
Барлайсың асылдардың жарып шыңын.
Ақынмын зердесіне тоқып өскен.
Өнеге, парасатын дәрісінің.
Ол шақта өзің де жас өрен едің, –
Білімге – бірақ ерте тереңдедің.
Дау-дулы ақындардың жарысында,
Есімде – айтқан әділ төрелігің.
Әділдік – бұрыннан шақ саф тұлғаңа,
Сермелдің сөз гулеген сахнада.
Құзғыннан «Сұңқарын» сен қорғағанда,
Сипаған маңдайыңнан Сәкен аға!
 Жасыңнан үлгі тұттың жақсыларды.
Ақтадың қиырда да асыл арды.
Көркем сөз көгіндегі саятшысың,
Баптадың жыр бағында жас шынарды.
Ұстазсың, сазгер жұртпен өте доссың.
Уақыттың парыздарын өтеп өстің.
Қаламың мұқалмасын, аға Мұқа,
Сыныңды ұғар әлі тетелеспін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу