Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  123


Автор: Қалижан Бекхожин

СОЛ СҮЙІКТІ КИЕВТЕ

(Украин ақыны Микола Нагнибедаға.)
Сол сүйікті Киевте достарым бар,
Үндесетін менімен көктем күнде,
Сол сүйікті Киевте достарым бар,
Днепрден дүбірлеп өткен бірге.
Достық даусын
әкелдім Ертісіме,
Толқын үндер тоғысқан Днепрден,
Сол сипат бар достардың өр түсінде,
Менің шалқар қырымда дән өсірген.
Достарым бар Украина байтағында,
Есіркейтін менің де жыр-нәшімді,
Өлеңіммен мың сәлем айтамын да,
Кең дүзіме шақырам сырласымды.
Қырларыма шырынды мәуе бітіп,
Сусындатты достықтың бұлақтары.
Жыр шырқайық, кел досым, әуелетіп,
Бұлбұлдардай үн қосқан гүл бақтағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу