Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  244


Автор: Қалижан Бекхожин

ДОСЫМ-АУ!

Өмір деген кеңістікте осынау,
Мен де құспын ұшқан көкте шырылдап.
Құстың ісі көріне ме, досым-ау,
Әуезін тек тыңдар мүлгіп шырын бақ.
Өмір деген тұңғиыққа осынау,
Мен де тамшы толқындармен ыршыған.
Толқын жарға соғылмай ма, досым-ау,
Ағынның да жетер жері бір шыған.
Өмір деген құз-құз тауда осынау,
Мен де шынар қараңдаған қатпарда.
Қырау шалар шынар басын, досым-ау,
Қар да түсер басы биік шатқалға.
 Өмір деген сахнада осынау,
Кейіпкерміз сынға түсіп байқалар.
Пердең мәңгі жабылғанша, досым-ау,
Сәт пен сәтсіз көрінісіп қайталар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу