06.04.2022
  65536


Автор: Дұға оқу

Ауырған балаға арналған дұға


Балаға дем салу (қолыңызды балаңыздың басына қойып оқисыз):




Құранның басы, беташары «Фатиха» сүресін 7 рет оқу:


«Фатиха»


Бисмилляhир-Рахманир-Рахиим (1) Альхамду лилләhи Роббиль ъаләмиин (2)  Ар-рахманир-Рахиим (3)  Мәлики-йяу-миддин (4)  Ийяка наъбуду уа ийяка  настаъиин (5) Иhдинас-сыроотоль мустақыим (6)  Ссыротоль-ләзина анъамта    ъаләйhим    ғойриль    мағдууби    ъаләйhим-уәләд-дооллиин (7) Амин.


Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен (1) Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға тән(2)  Қамқор Мейірімді (3)  Қиямет Күнінің Иесі (4)  Саған  ғана құлшылық етеміз, әрі Сенен ғана жәрдем сұраймыз (5) Бізді тура жолға  сала  көр (6)  Нығметке  бөлендіргендеріңнің жолына, Ашуға ұшырағандардың  және  адасқандардың жолына емес (7)  Амиин.


«Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін 3 реттен, «Аятүл Күрсіні» 3 рет оқу:


«Ықылас»


Бисмилләhир-Рахманир-Рахиим.  Қуль hуаллаhу  ахад (1). Аллаhу ссомад (2). Ләм ялид  уа ләм юләд (3) Уаләм якуль-ләhу куфуан ахад (4).


Мағынасы: : Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен.  (Мұхаммад (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   оларға)  айт:  Ол  Алла  біреу-ақ  (1)   Алла  мұңсыз  (әр нәрсе Оған  мұқтаж.) (2).  Ол, тумады  да  туылмады, әрі  Оған  ешкім  тең  емес  (3)


«Фалақ»


Бисмилләhир-Рахманир-Рахиим. Қуль аъуузу  бироббиль фалақо(1) Миңң шәрри мә холақо(2) Уәмиңң шарри ғоосиқын изәә уақаб (3) Уәмиңң шаррин-нәф-фәә-сәә-тифиил ъ-уқад (4) Уәмиңң шәрри хаасидин изәә хасад (5).


Мағынасы:  Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен. (Мұхаммад  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)):  «Таңның Раббысына сыйынамын (1) Жаратқан нәрселеріңнің кесірінен (2) Қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен (3) Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен (4) Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сыйынамын)»,-де. (5)


«Нас»


Бисмилләhир-Рахманир-Рахиим. Қуль аъуузу биробин-нәәс (1) Мәликин-нәәс (2)  Иләәhин-нәәс (3)  Миңң шәррил уәс-уасиль-хон-нәәс (4) әльләзии  юас-уи-су фии судуурин-нәәс (5)  Мин әл-жиннати уән-нәәс (6).


Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен. Адамдардың  Раббысына  (1)   Адамдардың Иесіне (2) Адамдардың Тәңіріне (3)  Сыбырлап азғырушылардың кесірінен (4) Сондай адамдардың көкейлеріне салатын (5)  Мейлі жыннан, мейлі  адамдардан болсын  сыйынамын (6).


«Аятүл Күрсі»


Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим. Аллаһу ләә иләәһә илләә һуәл-Хайюл-Қайюм, ләә тәхузуһу синәту уә ләә нәум, ләһу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард, мән зәлләзии яшфа’у ’индаһу иллә би-изниһ, иа’ламу мәә бәйнә әйдиһим уә мәә халфаһум, уә ләә юхитууна бишәййм-мин ’илмиһи илләә бимәә шәә, уаси’а курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард, уә ләә иәудуһу хифзуһумә уә һуәл-’Алиюл-′Азиим.


Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен. «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол Тірі, толық меңгеріп Тұрушы. Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оның иелігінде. Оның алдында Оның рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Ол оларға дейін болғанды да, олардан кейін не болатынынды да біледі, ал олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның Күрсиі (Алланың Күрсиі, Оның ‘Аршымен бір емес) көктер мен жерді қамтиды. Оған оларды қорғау ауыр келмейді және Ол - Өте Биік, Аса Зор («Бақара» сүресі , 255-аят).


Айта кетейік, бұл сүрелерді тек қана бала ауырған кезде емес, күн сайын ұйықтар алдында оқыған абзал. Егер, үнемі балаларыңыздың жанында болмасаңыз, олардың өзіне үйретіп қойсаңыз нұр үстіне нұр. Егер, олардың шамасы келмесе «Лә иләһә илла Аллаһ», «Бисмилләһир-рохманир-рохим», «Әғузу билләһи минәш-шайтонир-рожим» деген сөздерді жаттатуға болады.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Әсел
Әсел 20.11.2022 15:29
Алла разы болсын сізге

Пікір жазу