06.04.2022
  520


Автор: Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар

Ыстық пен суықты қайтарған пайғамбар (с.ғ.с) дұғасы


Жабир (р.а.) әңгімелейді:




«Мына оқиғаны Біләл Хабашидің өзінен естіген едім: «Қыс мезгілі болатын. Бірде таң намазының азанын оқыдым. Бірақ мешітке ешкім келмеді. Сәлден кейін азанды тағы бір мәрте оқыдым. Бұл жолы да мешітке бас сұққан жан болмады. Екінші азаннан кейін Алла Расулы (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм):


– Жамағат неге келмей жатыр, ей, Біләл! – деді маған.


– Әке-шешем жолыңа құрбан, ей, Алланың расулы! Мұсылмандар мына суықтың кесірінен үйлерінен шыға алмай жатқан болар, – дедім. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):


– Ей, Алла! Мұсылмандар мына суықты сезбесін, – деп дұға етті.


Сол күннің сәскесінде мұсылмандардың ыстықтап, желпініп отырғандары дәл бүгінгідей есімде».


материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,


ummet.kz





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу