Өлеңдер ✍️

  06.04.2022
  601


Автор: Бірлік күні

Бірінші мамыр бүгінгі

Бірінші мамыр бүгінгі,
Ынтымақтың күні бұл.
Көп ұлттардың достығы,
Әні менен жыры бұл.

Бірінші мамыр бүгінгі,
Мерекенің үні бұл.
Сыйластықтар орналған,
Берекенің күні бұл.

Бірінші мамыр бүгінгі,
Көп ұлттардың сыры бұл.
Халықтардың достығы,
Қатынастың құны бұл.
Жібек Искакова





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу