05.04.2022
  1226


Автор: Жібек Ысқақова

Жан інім, туған күніңмен! 45 жас

Жан бауырым құтты болсын туған күнің,
Қуанышқа толы боп әрбір күнің.
Қырық бес жас жақсыға жетелесін,
Дүрсіл қағып тоқтамай жүрек үнің.

Жаңа жасың қуаныш әкелсін тек,
Әрбір күні жан інім жүр күлімдеп.
Жаратқаным жар болып бір өзіңе,
Қуанышын сыйласын әр күнің тек.

Қырық бес жас жақсылыққа бастасын,
Көңіліңде қайғы-мұң болмай інім.
Қырық бестің жасағын үш-төртеуін,
Шаттығына жетелеп әрбір күнің.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу