05.04.2022
  3069


Автор: Жібек Ысқақова

Қырық бес жас құтты болсын! (сіңіліме)

Құтты болсын қырық бес,
Келіп жеткен жан сіңілім.
Қуанышың көп болып,
Болмасыншы еш мұңың.

Жадырай түс жаздай сен,
Алтын күздей жарқырап.
Қыстай мықты денсаулық,
Тілейтінім бап пен бақ.

Көктемдей боп құлпырғын,
Бүршік жарған талдардай.
Жаратқаным жар болып,
Орындалсын арман-ай.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу