05.04.2022
  3099


Автор: Жібек Ысқақова

Сіңілім туған күніңмен! (45 жас)

Сіңлім туған күніңмен құттықтаймын,
Жас қосылсын жасыңа әр жыл сайын.
Қырық бес жас есік ашты, құтты болсын,
Жастан жасқа жете бер жоқ боп уайым.

Жанарыңды мұң болмай күлімдегін,
Гүл көктемдей құлпырып жан сіңілім.
Шаттана түс өмірден бақ таба түс,
Жан дүниеңде жарығым болмай мұңың.

Қырық бес жас сыйласын қуанышын,
Жаратқаным жар болып бір өзіңе.
Шын жүректен ақ тілегім сіңілі жаным,
Арналады шумақты, жыр өзіңе!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу