Өлеңдер ✍️

  05.04.2022
  190


Автор: Абдрахман Асылбек

Көк көйлек

Көлбең-көлбең етеді,
Көз алдыңнан өтеді.
Көлбеңдеген көк көйлек
Тобықтарға жетеді,
Тамсантып бір кетеді.
Көлбең-көлбең етеді,
Көз алдыңнан өтеді.
Көлбеңдеген көк көйлек
Ақ балтырға жетеді,
Аңсатып бір кетеді.
Көк көйлектің етегі
Қырық құбылып кетеді.
Енді бірде сол етек
Қара санға жетеді,
Қарасаң бір не етеді?
Кө көйлектің етегі
«Көктөбеге» жетеді.
Жігіттердің жанары
Тұманданып кетеді,
Түбіне сол жетеді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу