Өлеңдер ✍️

  05.04.2022
  152


Автор: Абдрахман Асылбек

Сырашыл сарбаз

Сабазың сыра сатты,
Сатқанда қыра сатты.
Білегін түре сатты,
Көбігін үре сатты.
Нағыз нахал болды,
Құйғаны жарты бокал болды.
Одан түскен пайдасы
Аптада атан болды.
Сабазың дәнігіп алды,
Ел сыңайына кәнігіп алды.
Өкіметке ақша өткізсе,
Өзіне жарамы қалды.
Араны ашыла түсті,
Ақшаны жасыра түсті.
Көбікті қанағат етпей,
Араны ашыла түсті.
Сабазың шын көсілді,
Сыраға су қосылды.
Көпшілік елемеді
Арамза жылпосыңды.
Сыраның дәмі кетті,
Әсерлі әлі кетті.
Сабазың селт етпестен,
Одан да әрі кетті.
Көпірте түсуі үшін,
Лепірте ішуі үшін,
Қуаты күшті екен деп,
Кекіре құсуы үшін,
Сыраға тоспа бөтен –
Ұнтақтан қосқан екен.
Тойымсыз сол сабазды
Темір тор тосқан екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу