Өлеңдер ✍️

  05.04.2022
  100


Автор: Абдрахман Асылбек

Оралдың масасын-ай

Оралға барсаң оңбайсың,
Масасы талап, сорлайсың.
Керемет қонақүйіне
Бір күн де жөндеп қонбайсың.
Масасы үлкен сонадай,
Үстіңе қаптап қонады-ай.
Тұмсығын тығып тәніңе,
Қаныңды тәтті сорады-ай!
Көшеге еркін шықпайсың,
Шыққанмен түкті ұқпайсың.
Бөгелек тиген биедей
Басыңды қорғап ықтайсың.
Шыққандай қолға күбірткі,
Қыздары ұстап шыбыртқы,
Тынымсыз бұлғап жүргені
Айырмай кешті, ымыртты.
Кезеді көше аралап,
Беті мен санын сабалап.
Көшені аралап қаласың.
Не болмаса, милиция
Мекенін паналап қаласың.
Аудан жайы осылай,
Ақжайыққа, досым-ай,
Бара қалсаң, байқарсың,
Басыңды бір шайқарсың.
Екінші рет қыдырып
Бармайтын боп қайтарсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу