Өлеңдер ✍️

  05.04.2022
  73


Автор: Абдрахман Асылбек

Байқарсың

Ақжайыққа өзенді жағалап барасың,
Ағайынды сағалап барасың.
Біреуді «көкелеп»,
Біреуді «ағалап» барасың.
Екі-үш күнге жетерлік
Тамағыңды шамалап барасың.
Өйткені, қонақүй жоқ,
Көшені аралап қаласың.
Не болмаса, милиция
Мекенін паналап қаласың.
Аудан жайы осылай,
Ақжайыққа, досым-ай,
Бара қалсаң, байқарсың,
Басыңды бір шайқарсың.
Екінші рет қыдырып
Бармайтын боп қайтарсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу