Өлеңдер ✍️

  05.04.2022
  129


Автор: Абдрахман Асылбек

Қазахабар

Мен – қазахабармын,
Жасырып-жаба алмаймын,
Өлімді хабарлаймын,
Мені естіп мазаланар кім?
Алдымен ата-анасы,
Содан соң бала-шағасы.
Болса ақылы,
Одан соң қатыны,
Туған жақыны,
Ағайыны ақыры.
Қалғаны ма, қалғанын
Ауызға да алмағын.
Сыбағасын өмірде
Сол тартып жеп жүргендей,
Кейбір есер қуанады өлімге,
Көңіл күйін бір демдей.
Көзін жұмған марқұмның
Біліп жатыр парқын кім?
Қызметіне қарасар,
Сол орынға таласар.
* * *
Біреу өлмей біреуге күн жоқ деген
Ұғынғанға осы да.
Өлген жанға қайғырып жас төкпеген
Жақын деген досы да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу