Өлеңдер ✍️

  04.04.2022
  100


Автор: Абдрахман Асылбек

Ауырған келіншек

Күйеуі келді досымен,
Келіншегі тұрмады.
Танғандай боп есінен,
Ыңырынып тынбады.
Өтірік ауырып қасқайтты,
Келген қонақ аш қайтты.
Күйеуі айтты келер күн:
«Болыңдар деген қонағым,
Досыма енді не дермін?
Ауырып қалдың, қарағым,
Қалайша жалғыз барамын?»
«Қысылды, – деп, – қос өкпем», –
Көрпесін серпіп тастады.
Содан соң тұрып төсектен,
Әйелі киіне бастады:
«Ауырды деп шошынба,
Қалайша сенен қалармын?
Бірер сағат досыңда
Меймандыққа жарармын».
Болған кезде киініп,
Сәнін түзеп көркем бой,
Күйеуі деді жымиып:
«Шақырғаны ертең ғой».
«Мазақ қылып сен текке,
Ауыртпайсың жөндеп те», –
Деп келіншек бұрқ етіп,
Отыра кетті сылқ етіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу