Өлеңдер ✍️

  04.04.2022
  81


Автор: Абдрахман Асылбек

Кесілген құлақ

Қазақ қонағына ас қояды,
Құрметтісіне бас қояды.
Сойылған қой, бірақ,
Болмай соқыр не шұнақ,
Орнында тұру керек
Көз бенен құлақ.
Осы дәстүрді еске алып,
Үйіне бес барып,
Қой сойып арнап,
Бастығын шақырды Жалбақ.
Қатыны ас пісіріп жатты,
Табаққа бас түсіріп жатты.
Сол кезде баласы жылап келді,
Бастың құлағын сұрап келді.
Баладан қымбат не бар?
Деді де: «Мә, жоғал!» –
Бастың бір құлағын кесіп берді...
Алғаш көрген есік-төрді
Бастығының алдына ас келді,
Аспен бірге бас келді.
Бастық шұнақ бастан шошынып қалды,
Жақсы сөзден тосылып қалды.
Содан соң былай деді:
«Қай мазақтағаның бұлай мені?
Албастыға ұқсайтын
Шұнақ басты ұстайтын
Мені кім деп ең?
Бастың бір құлағын кім жеген?
Сол адамды-ақ сыйлай беріңдер,
Дастарқандарыңды жинай беріңдер», –
Бастық етегін қағып тұрып кетті,
Үйіне жүріп кетті,
Жалбақ жерге кіріп кетті.
* * *
Ешкім білмесе де сырын дәл,
Бастың бір құлағын кесіп алатын,
Осы дұрыс десіп алатын
Қазақта жаман ырым бар.
«Бір басқа бір құлақ та жетеді»
Деген мақалды қолданбасақ, не етеді?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу