Өлеңдер ✍️

  04.04.2022
  83


Автор: Абдрахман Асылбек

Жақындаған ақырзаман

Айтыпты бір ақылды адам:
«Жер астынан кеніш түгел
Шыққан кезде жер үстіне,
Болады, – деп, – ақырзаман».
Шығар байлық шығып жатыр,
Аз-ақ қалды алтының да,
Мұнайың да сарқылуда,
Бірақ, қайда құрып жатыр?
Дүкендерің қаңырап тұр,
Барлық заты қолға шығып,
Дүңгіршек пен жолға шығып,
Көрген көздің жауын ап тұр.
Алайда, асқақ бағалары:
Киімің де, тамағың да,
Удай ащы арағың да –
Көптің келмес шамалары.
Қымбатшылық тақымдаған,
Халық қоры тақырлаған.
Жылдан-жылға жақындаған
Осы емес пе ақырзаман?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу