Өлеңдер ✍️

  04.04.2022
  128


Автор: Абдрахман Асылбек

Әжей мен мұғалім

Әжей мұғалімнен сұрады:
– Шырағым,
Түсіндірші мынаны,
Немерем қанша жыл оқымақ?
Нені тоқымақ?
Мектепте он екі жыл болады,
Миы әбден толады,
Содан соң институтқа барады.
– Балам-ау,
Күнә ғой өткенге қарамау.
Жасы жиырмаға жеткенше,
Кеудесі кемедей,
Төсі төбедей
Болып кеткенше,
Ата-анасының желкесіне мініп,
Қыз бала мектепте жүріп,
Қылмыс қой әжетке жарамау,
Әдепті қажет санамау.
Ал, ұлым арыстай толып,
Мұрты қарыстай болып,
Мектепте не тындырмақ?
Әлде, ойнай ма сылдырмақ?
Бұрынғылар баланы
Он үште отау иесі дейтін.
Ерте сақайту сананы –
Өмірдің жүйесі дейтін.
Сөйтіп, еңбектен айырмайтын,
Тірлікке ерте дайындайтын.
Ал, сендер ше?
Жиырмаға келгенше,
Баланы мектепке қамайсыңдар,
Әлі жас санайсыңдар.
Олар айнаға қарағаннан,
Шаштарын тарағаннан,
Басқаны әсте білмейді.
Айылдарын жинамайды,
Үлкендерді сыйламайды.
Бірін-бірі дөрекі тілдейді.
Оқу мерзімін бірер жылға
Білер тұлға
Азайтуға болмай ма?
Оған жетер жол қайда? –
Деп әжей әрең тоқтады,
Сұрағы оңай соқпады.
Мұғалім қатты қысылды,
Қатесін енді түсінді:
Әже-ау, бізде қандай билік бар?
Бұйрықтар
Жоғарыдан кеп жатады,
Орындаңдар деп жатады.
Қарсылық қылмаймыз,
Қалтқысыз тыңдаймыз.
Әже айтты:
– Халық деген қайда?
Қарап жүр ме айға?
– Құр сөзден не пайда?
Сөзіміз өтпейді,
Жоғарыға жетпейді.
– Көзім шықсын көрсем мұндайды,
Балалар сендерді қалай тыңдайды? –
Деп әжей жүріп кетті,
* * *
Расында мұндайда
Мектептерді қайта құрмай ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу