04.04.2022
  472


Автор: Абдрахман Асылбек

Ұшқыш

Кең аспанды шарлаған,
Ұшқыш деген мен болам.
Зымырандай самғаған
Ерен жүйрік ер болам.
Құздан өтіп,
Құлдырап,
Бұлттан да әрі асқанда,
Көз ұшында бұлдырап,
Шығам шырқау аспанға.
Күн күледі төбемде,
Тазарып шаң, түтіннен.
Бұлт дегенің төменде –
Ақ мақтадай түтілген.
Сапар шегіп тұс-тұсқа,
Жылдам жетіп бара алам.
Мен секілді ұшқышқа
Алғыс айтар бар адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу