04.04.2022
  153


Автор: Абдрахман Асылбек

Ақ лақ

Күні бойы, ақ лақ,
Мазаланба маңырап.
Сағындың ба енеңді,
Кешке келер ол енді.
Қарның ашса, ақ лақ,
Міне, құрақ, бал бұлақ
Сен алдымен тойып ал,
Тойып алсаң, ойын бар.
Енең келіп, ақ лақ,
Табысарсың жамырап.
Оған дейін бірігіп,
Ойнайықшы жүгіріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу