Өлеңдер ✍️

  04.04.2022
  76


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

БҰТАҒЫН СЕРПІП ҚАЙЫҢНЫҢ…

Бұтағын серпіп қайыңның
құлағанын көрмесең деймін,
Ұлын ана уәйім ғып
жылағанын көрмесең деймін.
Моласыз мүрде – ауыр бұл,–
жүзін көрмесең деймін.
Жеріңнен қас жауыңның
ізін көрмесең деймін.
1969




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу