03.04.2022
  133


Автор: Абдрахман Асылбек

«Қайраттың» жанкүйері

Көптен күткен команда –
«Қайрат» шықты алаңға.
Стадион гу де гу,
Толып кетті адамға.
Осында отыр ағам да,
Осында отыр мамам да.
Оң жағынан маманың
Орын тиген маған да.
Жанкүйерміз бәріміз,
Шын ашиды жанымыз.
Көктем келіп, доп келіп,
Кірді сауық-сәніміз.
Тамаша ғой доп деген,
Қызықтаймыз көппенен.
Қынжыламыз кіжініп,
Қате кетсе ептеген.
Папам, мамам, ағамыз
Ойын сайын барамыз.
Жеңісіне «Қайраттың»
Желпінісіп қаламыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу