03.04.2022
  125


Автор: Абдрахман Асылбек

Тыныштық

Шашырап алтын шапағы,
Тамылжып таңдар атады.
Асығып барлық адамдар,
Жұмысқа бара жатады –
Осының аты Тыныштық.
Шашырап алтын шапағы,
Тамылжып таңдар атады.
Моншағын мөлдір шашу ғып,
Субұрқақ көкке атады –
Осының аты Тыныштық.
Қуантып ата, апаны,
Шырқалып сұлу, шат әні,
Бақытты балғын бөбектер
Бақшада ойнап жатады –
Осының аты Тыныштық.
Қызарып барып шапағы,
Алаулап күн де батады.
Қайтады ел де үйіне,
Тындырып ісін сапалы –
Осының аты Тыныштық.
Қызарып барып шапағы,
Алаулап күн де батады.
Бақытты балғын бөбектер
Балбырап ұйықтап жатады –
Осының аты Тыныштық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу