Өлеңдер ✍️

  03.04.2022
  96


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

СӨЗ БЕН ІС

Қазанаттың тұлпарша сілкінісі жараспай,
біреулердің жүр бізде сыртына іші жараспай:
адалдықтар туралы, таңдайынан май тамып,
арамзалар айтады, және ғажап айтады.
Қазанаттың тұлпарша сілкінісі жараспай,
біреулердің жүр әлі сыртына іші жараспай:
Жомарттықтар туралы таңдайынан май тамып,
тас сараңдар айтады, және әдемі айтады.
Жараспай-ақ келеді-ау, бізде көп іс, көп тірлік:
қанжардағы топастық, қырғыштағы өткірлік...
Қараңызшы өзіңіз: қонар ма еді ойға аса
бұлбұл құстың үнімен жапалақтар сайраса?!
1969, 1982




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу