Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  95


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ҚАРЫНДАСТЫ СӨЗБЕН ІЛІП «ТҮЗЕТЕ»…

Қарындасты сөзбен іліп «түзете»
жөнелсе олар – таңданбаңыз сіз өте.
Құны азайған дүние көп,
жігітке
ең құнсызы: бірге оқыған қыз екен.
«Қыз» дегені алабұртып жаны ысып, –
іздегені – ақша сұрау,
алысып
ойнайды да қыздарымен КазГУ-дің,
ойлайды кеп ЖенПИ-дегі танысын.
Жасықтарға батылдық боп қызғаны,
қыздан бұрын жүрсе де ылғи «жүзді» алып,
«өз қыздарын» сыйлайды олар
тек қана
өзге ВУЗ-дың жігітінен қызғанып.
1967, 1982




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу