Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  123


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

БЕЛ ОРАҚТЫҢ ЖАРҚЫЛЫ…

...Бел орақтың жарқылы
көзді кессе, найзағайдай – елестей
Ол – «итжығыс» тәртібін
білмегендік емес қой.
Бала болып, тәп-тәуір
ойнап едік, әрине.
Айыр, күрек саптауды
бұрын білдік бәрінен.
Бұзау бағып, лақ бағып
«шаруа жігіт» саналдық:
жүгірсек те,
мақтан ғып
шөңге өтпейтін табанды.
Желдеп кетсе бір ешкі
шапалақ жеп – сый көрдік.
Жасырынбақ, күресті
кейін барып үйрендік.
Ойын деген – әдемі,
ойнамасаң – адамсың
Шаруа біліп әуелі,
ойнадық қой содан соң.
Біз – осындай жандармыз;
таң қаламыз тағы да:
бала болмағандардың
ақын болғандарына.
1967, 1982




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу