Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  103


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

МОЙНЫНА АРҚАН ТҮСІП, КҮШ БАТПАҒАН…

Мойнына арқан түсіп, күш батпаған,
көнбеген жаз – кермеге, қыс – қақпаға,
бір асау әлі қашып жүрген сын-ды,
құрыққа сол күндері ұстатпаған.
Айдаудан, арыздардан, қамалғаннан,
қырсыққа қырсық үстеп жамалғаннан,
бір «бұзық» әлі бағып жүрген сын-ды
сол күндер абақтыдан аман қалған.
Қусаң да бұғалықпен, құрықпенен,
әккі ұры, әккі асаудай бұғып төмен,
бір өлең әлі ұстатпай жүрген сын-ды
Абайдың да қаламына ілікпеген.
1967




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу