Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  218


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

МЕЙІРІМ

Даланың өзі ескерткіш өткен күнге,
сондықтан көкірегі теп-теңбіл де:
Шаттықтар – қурапты да шөппен бірге,
қайғылар – шөгіп қапты төккен күлде.
Ерліктер – ерлік үшін есеп берме,
артсаң – о да жүк болар есектерге;
аңқаулық – жабылмайтын есіктерде,
жалқаулық – жиылмайтын төсектерде.
Достықтар – шық-тамшыда тұнып қалған,
қастықтар – қураған бас күліп қалған;
адалдық – армандарда,
ал мейірім,
мейірім топыраққа сіңіп қалған.
1967, 1982




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу