02.04.2022
  258


Автор: Қасым-Жомарт Тоқаев

ПРЕЗИДЕНТ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елін күллі мұсылман қауымының сағына күтетін мерекесі Рамазан айымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын Ақорданың ресми сайты жариялады.


«Құрметті отандастар! Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!


Осы күндерде азаматтарымыз рухани тазарып, жан дүниесін жаңғыртады, жақсылық жасайды. 


Рамазан айында имандылық, жанашырлық және мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтардың қадірі арта түседі.    


Исламның гуманистік идеалдары еліміздегі береке мен бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін маңызды рөл атқарады.


Біз халқымыздың ырыс-ынтымағының арқасында кез-келген қиындықты еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басамыз. 


Қасиетті ораза айында бүкіл мұсылманның жүрегін қуаныш кернеп, жұртымыз татулық пен тыныштыққа бөлене берсін!


Барша азаматтарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» делінген Президент құттықтауында. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу