Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  197


Автор: Абдрахман Асылбек

Қырқылған көше

Алматы сәнді несімен?
Алматы мәнді несімен? –
Әрине, оқтай түп-түзу
Көшелерімен көсілген.
Қандай мін, сірә, тағасың?
Аралай берсең, табасың.
Қырқылған көше көргенде,
Амалсыз қайран қаласың.
Жап-жақсы көше жақында
Отырып қалды тақырға:
Үлкен үй түсті үстіне –
Ол көше Марков атында.
Желкесі мүлдем қиылды,
Жүретін көлік тыйылды.
Көшені қырқу көрікті
Болды екен кімге тиімді?
Үйлер де қажет халыққа,
Жөнімен, бірақ, салып па?
Көшенің үсті болмаса,
Басқа жер құрып қалып па?
* * *
Үйлерді солай салдырған
Бастық-ау нағыз антұрған.
Тұрса егер сонда отбасы,
Керек пе оған басқасы?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу