Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  114


Автор: Абдрахман Асылбек

Ақымақ

(Орыстың әзіл әні)

Колумб қаңғыды нешеме жыл,
Жаңа бір құрлықты ашқалы.
Ақымақ!
Одан да ол біздің көшеде бір
Жөн еді трактир ашқаны.
Қайырмасы:
Құй, достым, аяма!
Құй, кәне, кішкентай ыдыспен.
Құй, достым, аяма!
Құй, кәне, кішкентай ыдыспен,
Жылқылар су ішкен.
Коперник әуреленді өмір бойы,
Жер шары тұр ма деп айналып.
Ақымақ!
Одан да ішсе ғой мол бір тойып,
Сонда ол білер еді жайды анық.
Қайырмасы.
Ньютон еңбектенді өмір бойы,
Ашпақ боп қос дененің тартылысын.
Ақымақ!
Қыз сүйсе ғой көңіл қойып,
Сонда ол табар еді жан тынысын.
Қайырмасы.
Дарвин де еңбектенді өмір бойы,
Өмірге келеді деп бала қалай?
Ақымақ!
Үйленсе ғой көңіл қойып,
Сонда ол құшар еді бала талай.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу