Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  85


Автор: Абдрахман Асылбек

Талас

Байқасаңдар, қарақтар,
«Талас» деген шарап бар.
Болса да арзан бағасы,
Артықша қызу шамасы.
Толқынды өзен Таластай
Ол да толқып жататын.
Кезек күтіп таласпай,
Қызығына ел бататын.
Құрып кетіп екі-үш жылға сол «Талас»,
Ішкіштерде басталды бір жанталас.
Бұл ниетті байқаған,
Сауда жағы қайтадан
Талас өзен тәрізді
«Таластарды» ағызды.
Ішкіштердің тасырлы
Айқай-шуы басылды.
Ал, Таластай өзеннің
Аты бар да, заты жоқ.
Қуаңшылық кезең бұл,
Қалды арнасы тақыр боп.
Талас түгел суалғанмен тартылып,
Жоқтаған жан болмады оны шарқ ұрып.
* * *
Қай жағында қалайын,
Пікір туса тайталас?
Айтыңдаршы, ағайын,
Қажеттісі қай Талас?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу