Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  122


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

БАР НӘРСЕНІҢ ДӘЛ БҮГІН – БОЛҒАНЫ ҒОЙ КЕШЕ ДЕ…

Бар нәрсенің дәл бүгін – болғаны ғой кеше де,
Мезгіл кесе шайқалса – толғаны ғой деседі.
Бүгінгіні өшірмеу үшін жан сап – несі мін –
ертеңгіден сұрасақ жалбарына кешірім.
Қасы азайып өлгеннің, шығады екен досы үдеп,
бас изейміз көндігіп, өмір деген осы деп.
Кеткендердің өлік боп – бәрі дана десіп ек,
кектегенің желік пе – естелік жаз есінеп.
Шын таланттан Бақ пен Даңқ соң жүрсе егер уақыт қой.
Бақ не керек талантқа – талант өзі бақыт қой?
Іренжісең, ағайын, бір жиында ұрсып кет –
жүр-ау біраз досыма сондай бақыт – қырсық боп.
Жанып ұшпай тістен сөз жүдеп өлер, ішімде ой,
осыған да кейбіреу жүре ме деп түсінбей;
Бір кісінің ғұмыры дегеніміз: шынында
Кеше менен Ертеңін арасындағы ұғым да.
Бүгін жазған жырыңды өшірерде, бейлі ғып
кешегіңді мақтайды – «кешіреді» кей жігіт.
Көрер күнің көрші енді деседі де өшіріп,
өлетінің ертеңгі – кешегіңе кешірім.
Түбінде еркең ер жетер – береріңді шамалы
бүгін берсең нең кетер – ертең өзі де алады.
1967, 1982




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу