Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  130


Автор: Абдрахман Асылбек

Екі жігіт

Екі жігіт отырды бір жиында:
Бірі шағын, бірі алып денелі.
Болмаса сәл өнері,
Адамға сол қиын да.
Үлкен жігіт отырды тек нан соғып.
Жоқ еді өзге өнері.
Екіншісін қолдады жұрт қол соғып,
Өйткені, ол еді күйдің шебері.
Салатұғын әнді де,
Айтатұғын әрі қызық әңгіме.
Өнерімен ұтымды
Міндеттен ол құтылды.
Кезек келіп Дәуге де,
Сұрады жұрт әурелеп
Қонақкәде дәстүрін:
«Менде күй де, жоқ қой ән,
Ал, ассаңдар, қойды түгел жеп қоям», –
Дегені ғой әлгі қарабасқырың.
Бір сылқым қыз бұл кезде
Тартты оны қу сөзге:
«Бой бергенше теректей,
Ой берсейші Жсасаған.
Дәу денеңді бөлектей,
Жасасайшы қос адам».
* * *
Екі адамның ішкен асын ішкенмен,
Ал, ісімен істелген
Тұрмайтын бір адамға
Не демексің наданға?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу