01.04.2022
  145


Автор: Абдрахман Асылбек

Қолғап

Көктем шыға бір бала
Атып ұрды ұрнаға
Киіп жүрген қолғабын.
«Енді суық болмайды,
Енді қолым тоңбайды,
Гүл жапты қыр жондарын».
Қолғап сонда балаға
Жалынышпен қадала,
Деді: «Ақымақ болмағын.
Көктем мен жаз, күз де өтер,
Қайта оралып қыс жетер,
Суытпай ма сонда күн?»
Бала ақылғы көнген бе?
Тағы да қыс келгенде,
Таппады іздеп қолғабын.
Соғып қардан аққала,
Жүргенде ойнап шаттана,
Алды үсіріп қолдарын.
* * *
Ей, балақай, көктемде
Қолғабыңды тығып қой.
Қайта қақап өктемдеп,
Қыс келерін біліп қой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу