Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  104


Автор: Абдрахман Асылбек

Осындайлар қиын-ды

Үй туралы баяндама оқылды,
Бас кезінде біраз адам отырды.
Деді лектор жалындап:
– Алда талай тамаша үйлер салынбақ.
Сенер болса сол сөзге,
Ол кезде
Пәтерсіз жан болмайды,
Ешкім залға қонбайды,
Тоңбайды.
Аздан кейін тұрып кетті көп адам:
– Керек емес сыйыңыз,
Бар ғой біздің үйіміз,
Жақсылықты үйсіздерге-ақ үйіңіз.
Шешеніміз еш қиналған жоқ оған.
Сөзін әрі жалғады...
Содан кейін залдағы
Адамдардың қалғаны
Былай деді табанда:
– Қисыны жоқ құрғақ сөз,
Сенімі жоқ сырғақ сөз
Бізге пәтер болар ма?
Бос сөйлемей, одан да
Салып берсең үйіңді,
Сонысы ғой тиімді.
Шешеніміз жалғыз қалып күйінді,
Қабағы тас түйілді.
* * *
Осындайлар қиын-ды.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу