Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  320


Автор: Абдрахман Асылбек

Еден мен сыпырғы

Тазартылған Еден тұрып бір күні
Сыпырғыға сөздер айтты күлкілі:
– Сендей ласты көрмедім мен өмірде,
Артық сенен ошақтағы көмір де.
Рас, сырттан табиғатың тамаша,
Жексұрынсың жақын келіп қараса.
– Дұрыс, – деді Сыпырғы да, –
Тыңда сен.
Мен сыпырмасам, сен таза боп тұрмас ең.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу