Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  132


Автор: Абдрахман Асылбек

Қарбыздар

Кердең басып бірде мен,
Кең бақшаға кірген ем.
Теңеп бәрін піскенге,
Тұнып көзім түскенге,
Тарғыл тартқан қарбыздың
Талайын-ақ жарғыздым.
Шикі шықты біразы,
Болмай досым разы,
Күліп тұрып ақырын,
Айтты маған ақылын:
«Біреуінен бірі әсем,
Қарбыздарды сірә сен,
Беталдына жармағын,
Обалына қалмағын.
Аларыңда аңдап ал,
Бірін ғана таңдап ал.
Сонда опық жемессің,
Әттеген-ай демессің».
* * *
Байқап тұрсаң, бар қыздар
Секілді осы қарбыздар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу