Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  358


Автор: Абдрахман Асылбек

Қасқырдың монологы

«Адам мені Қасқыр деп,
Қас албасты басқыр деп,
Қатал үкім шығарған:
Қасқыр көрсең, басқа ұр! – деп.
Табиғатта ғажайып,
Тартқан жоқпын аз айып.
Бара жатыр күн сайын
Ұрпағымыз азайып...
Мен жеген мал шынында,
Адам үшін шығын ба?
Ортаймайды отары,
Бір қой жесем жылында.
Көрсетпеген маған күн,
Кім өзі сол Адамның?
Қасқырдан да қанды ауыз –
Құлы нағыз аранның.
Жалмап жатыр жандыда
Аң мен құсты, малды да.
Тіпті, талай тағының
Ізі-түзі қалды ма?
Қараңдаршы байыпты,
Кім осыған айыпты?
Шын жазаға Адамның
Өзі емес пе лайықты?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу