Өлеңдер ✍️

  30.03.2022
  264


Автор: Абдрахман Асылбек

Түлкі мен тиін

Тиінменен бәс қылған
Түлкі айтты:
– Бас ұрман.
Тоқсан тоғыз айлам бар,
Қорықпаймын Қасқырдан.
Тиін айтты:
– Пайдам дәл –
Менің бір-ақ айлам бар
Сен сияқты тым ерке
Жайым жоқ-ау тайраңдар.
Олар сөйтіп тұрғанда,
Жетті Қасқыр бұл маңға.
Тиін талға өрмелеп,
Түлкі қалды тырбаңдап.
Айла таппай ұтымды.
Сол бойында тұтылды.
Тиін бір-ақ амалмен
Дұшпанынан құтылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу