Өлеңдер ✍️

  30.03.2022
  171


Автор: Абдрахман Асылбек

Қарғаның кеңесі

Кандидат Қарға
Қонып ап талға,
Қырғиға ақыл айтты,
Ақылын батыл айтты:
– Іні екенсің екпінді,
Бірақ, самғап ұшқанда,
Шүйілгенде дұшпанға,
Таныт нағыз тепкіңді.
Торғай қуып не етесің?
Қасқырдың түс соңынан.
Бүрсең де тау текесін,
Келеді ғой қолыңнан.
Қырғи айтты:
– Қарға аға,
Өйтіп босқа сарнама.
Алғанмын мен дәрісті
Профессор Қыраннан.
Үйретіп ол әр істі,
Білімді етіп шығарған:
«Мерт боларсың қапыда,
Тізгін берсең құлқынға.
Күшің жетпес затыңа, –
Деген еді, – ұмтылма».
Қуарып Қарға кескіні,
Бұл сөзден соң өшті үні.
* * *
Танып алмай маңайды,
Кейбіреулер тәкаббарсып қарайды,
Басқаларды білімсіз деп санайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу