Өлеңдер ✍️

  30.03.2022
  142


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

КҮЛКІ ДЕГЕН КӨП ТЕГІ…

Күлкі деген көп тегі,
Күліп қана жеткізе ме жұрт үнін?
Күн күлмесе көктегі
Ұқпас едік жылылығын күлкінің!
Кей күлкімді жүрегіне жауымның
Оқ қып атам – өлтірем деп сенбеймін.
Бір күлкіммен онашада ауырдым –
Бір күлкіммен емдеймін.
Күлкі шіркін күліп шықса кеудеден
Әйел құсап рақатқа батамын.
Бірақ барлық күлкілерді кейде мен
Жалғыз тамшы көз жасына сатамын.
1965




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу