Өлеңдер ✍️

  28.03.2022
  329


Автор: Абдрахман Асылбек

Кешкі мектеп

Жалқаубай мен Аңқаубай,
Маңғазданған Марқаубай,
Пысықсынған Әлі де, –
Жиналады бәрі де.
Ауылда кешкі мектеп
Бар дегенді естіп ек көп.
«Құлақ естігенді көз көреді»,
Көз керсе, пікірің өзгереді.
Мектептің құрамы
Мынадан тұрады:
Екі завуч, бір директор,
Отыз мұғалім.
Тоғыз оқушы тізімде,
Үшеу-ақ іс жүзінде.
Мұғалімдер келеді, кетеді,
Кетпегенде не етеді?
Үш оқушының басы бірікпейді,
Одан ешкім үрікпейді.
Айында бір көрінсе болып жатыр,
Журналға баға қонып жатыр.
Оны кім біліп жатыр,
Жалақы жүріп жатыр...
Жазғы сынның кезінде
Күн күлімдеп көзінде,
Тізімдегі Тентек те,
Бұқпабай мен Белтек те,
Айтып, айтпай не керек,
«Дайындалып керемет»,
Бас ауыртып бір-ақ таң,
Өтіп жатыр сынақтан.
Өмірден солай шеттеген
Мектептер бар ептеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу