Өлеңдер ✍️

  27.03.2022
  223


Автор: Абдрахман Асылбек

Иманды мен имансыздар

Кейбір адам кенет өліп жатады,
Кейбір жастар ерте сөніп жатады.
Кім де болса, жақсы жанның өлімі
Жан жылатып, қабырғаңа батады.
Дос-жарандар өлген жанның жақынын
Жұбатады айтып сабыр ақылын:
«Аллаға да жақсы адам керек қой,
Сондықтан да, алған шығар пақырын.
Өзі өлгенмен, өлмейтұғын ізі бар,
Ел есінде сақталатын ісі бар».
Ал, егерде жасы жеткен жан болса:
Дейді: «Жалғас ұлы менен қызы бар».
Иә, өмірден ерте кетіп жақсылыр,
Жүре берер ақыл-ойы тапшылар.
Жақсыларды ерте алатын себебі,
Алдарынан ақтарылар ақ шынар.
Орын алып қақ төрінен жұмақтың,
Дәмін татар мөлдір кәусар бұлақтың.
Имандының жаны нұрға бөленер,
Жарығымен мәңгі сөнбес шырақтың.
Имансыздар батып қарғыс, мазаққа,
Жүре берер жер бетінде азапта.
О дүниеге асығады несіне?
Аян болса түсетіні тозаққа?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу