Өлеңдер ✍️

  27.03.2022
  163


Автор: Абдрахман Асылбек

Ақтың оты сөнбейді

Қастандықты өмірде көріп келем,
Көріп келем, бағасын беріп келем.
Адамдығы жоқ жандар адалдықты
Арсыздықпен ұрып жүр бөрікпенен.
Бірақ, олар ешнәрсе өндірмейді,
Жақсылыққа шын қауіп төндірмейді.
Қанша қарау болғанмен қараниет,
Ақтың отын арамдар сөндірмейді.
Қараулықты шындықпен қақ тілетін,
Сөндірмейді арамдар ақтың отын.
Сөндірем деп қаншама алқынса да,
Өзі тартар бір күні тақсіретін.
Алла бәрін қалтқысыз көріп тұрар,
Ақ, қараның бағасын беріп тұрар.
Адалдарға арамдық жасағандар
Тірлігінде-ақ тұншығып, өліп тынар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу