Өлеңдер ✍️

  27.03.2022
  96


Автор: Абдрахман Асылбек

Тойым

Қаншама саттың
Бірінші байды?
Қаншама жаттың,
Жасырып жайды?
Қаншама саттың
Екінші байды?
Қаншама жаптың
Басына қайғы?
Соншама саттың
Үшінші байды.
Жасырып, жаптың
Аспанда айды.
Өзіңде, сірә,
Қанағат бар ма?
Зінәлік – күнә
Адамдық арға.
Лыпаңды сыра,
Жығылдың жарға.
Ояндың тұра,
Тұманды таңда.
Өмірде бармыз,
Бәрі де ойын.
Жаралған жанбыз,
Кең құшақ қойын.
Әйелде әлсіз
Болар ма тойым?
Тойдырар жалғыз
Қара жер қойын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу